ЖАҢАЛЫҚТАР

Әділбек Ерболатов Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

02.06.2026 · Жалпы

← Артқа Жаңалықтар
Әділбек Ерболатов Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
Вьетнамның Дананг қаласында өтіп жатқан U17 жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бір жүлдемен толықты. Жағажай күресінен 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Әділбек Ерболатов қола медаль жеңіп алды. Отандасымыз үшінші орын үшін өткен белдесуде Қытай балуанын жеңіп, құрлықтық додадағы жүлдеге қол жеткізді. Осылайша, Әділбек Ерболатов Қазақстан құрамасына кезекті медальді сыйлап, жағажай күресіндегі жоғары деңгейін көрсетті. Қазақстан күрес федерациясы спортшыны және оның жаттықтырушыларын айтулы жетістікпен құттықтап, алдағы жарыстарда толағай табыс тілейді.