Сартбаевтың ерлігі

Азия чемпионатының екінші күні 96 келідегі Марғұлан Әсембековтың жеңілісімен есте қалды. Құрлық біріншілігінің барлық медалін қанжығасына байлап көрген балуанымыз күтпеген жерден алғашқы айналымнан әрі аса алмады.
Марғұлан Әсембеков бірініш айналымда кәріс Чанг-Гун Анмен кездесіп, 0:1, 0:2 нәтижесімен есе жіберді.
120 келіде Әбдумәлік Сартбаев Йордания өкілі Хани Салах Абдель Рахман Марафиді (1:0, 1:0), ирандық Мухаммад Хусеин Голдасте Горбаниді (0:1, 1:0, 2:0) тізе бүктірді. Осындай нәтижеден соң Сартбаевтың ақтық сында күресуін барлығы асыға күтті. Өкінішке қарай, финалда маңғыстаулық балуан жеңімпаз ретінде шыға алмады. Шешуші кездесуде ол клем қожайыны Енг-Минг Кимға таза ұтылды.
Осылайша, грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының еншісінде 1 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль бар.
Фото: 

Жаңа комментарий жазу