Манюрова қосқан алтын
18.02.201272 келіде Гүзел Манюрова финал жолында кәріс Ип-Сае Бае пен қытайлық Ян Хонгтан (1:0, 3:0) айласын асырды. Ал, ақтық белдесуде ол моңғол Оданчимег Бадракхты алтын медальсіз қалдырды. Алғашқы кезеңді минималды есеппен ұтылған Манюрова кейін белдесу тізгінін өз қолына алды. Кейінгі есеп Қазақстан спортшысының пайдасына 1:0, 4:0. Естеріңізге сала кетейік, Гүзел Манюрова осымен үшінші жыл қатарынан Азия чемпионы атануда.
Жаңа комментарий жазу