Еркін күрес балуандары әзірше жүлдесіз

55 келіде Руслан Сексенбаев алғашқы айналымда Амит Кумарға (Үндістан) қос кезеңде 0:1 есебімен ұтылды.
60 келіде Фуад Мусаевтың бастамасы жаман емес еді. Бірінші белдесуде филиппиндық Августин Виолетоны (4:0, 6:0) еңсерген болатын. Алайда, бұл күні отандық балуандардың жолын үндістер бөгеумен болды. Мусаев кейін чемпион атанған Йогешвар Дутқа (1:0, 1:2, 1:4) лайықты қарсылық таныта алмады. Оған қоса кейін Фуад Мусаев қола медальді де жапон Томотсугу Ишидаға ұстатты (0:1, 0:6). 

Жаңа комментарий жазу