Елена Шалыгина - Азия чемпионы

Азия чемпионатының үшінші күні әйелдер күресінен 59, 63, 67 және 72 кг, еркін күрестен 55 және 60 келіде белдесулер өтті. 
59 келіде Айым Әбілдина алғашқы айналымда жапон Каеко Шимадоға қос кезеңде 0:1 есебімен ұтылды. Қарсыласы финалға шыққандықтан Айым қола үшін күресіп, 3:0, 7:0 нәтижесімен қырғыз Нестан Қиязовадан басым түсті.
63 келіде Татьяна Захарова тайпейлік Мин-Уен Хоуге ұтылғанымен (0:1, 2:0, 0:1), қолаға қол жеткізді. Ол жұбаныш белдесуде үнді Анита Анитаны қапы қалдырды (1:0, 4:0).
67 келіде бар болғаны 7 қатысушы болды. Осылайша Елена Шалыгина үш кездесу өткізіп, сары құрлық чемпионы атанды. Ол өз жолында вьетнам Ти Лоан Фам (8:1), қытай Ксинью Лью (0:1, 1:0, 1:0) сынды қарсыластарын ұтты. Және финалда моңғол қызы Баярзая Тсендердоржты 1:0 және 4:0 есебімен тізе бүктірді.
Фото: 

Жаңа комментарий жазу