Бойжеткендердің сәтсіздігі
17.02.2012Бүгін Азия чемпионатында әйелдер күресі бойынша 48, 51 және 55 келі бойынша белдесулер басталды. 48 келіде Гүлмира Ысқақова жартылай финалдан бастады, бірақ бірден сәтсіздіке ұшырады. Кәріс Ю-Ми Лиге 0:2, 0:3 нәтижесімен есе жіберді. Оған қоса қола үшін белдесуде де мүмкіндікті мүлт жіберді, бұл жолы қырғыз Михрнисо Нұрматоваға (1:2, 0:2) жол берді.
Әлем чемпионатының жүлдегері Жұлдыз Әшімова-Тұртбаева өзіне жат салмақта (51 кг) күресіп, алғашқы айналымда кәріс Юнг-Джо Кимге 1:0, 1:2 және 0:1 есебімен ұтылды.
Бұл күні Қазақстан командасына жалғыз медальді алып берген Айжан Ысмағұлова (55 кг) болды. Алғашқы айналымда қытайлық Ти дью нинх Транға 1:2 жалпы есебімен ұтылған ол жұбаныш белдесуде Қырғызстан балуаны Гүлина Құбатбекқызын тізе бүктірді (1:0, 1:0).

Жаңа комментарий жазу