Азия чемпионатының жүлделерін санап көрелік

16-19 ақпан аралығында Кореяның Гуми қаласында сары құрлық елдері грек-рим, еркін және әйелдер күресінен үздіктерді анықтады. Биыл Олимпиада жылы болғандықтан, барлық командалар Лондон жолдамасы үшін жұмыс істейтіндігі сөзсіз. Азия чемпионатының лицензиялық турнир деген дәрежесі болмағандықтан, құрамалардың көбісі 2, 3 нөмірлі балуандарын жарыс жолына шығарды.
Сонымен, Азия чемпионатын қандай нәтижемен аяқтадық? Медальдарымызды санап көрелік. Бұл біріншілік бапкерлер үшін спортшыларды іріктеу болды. Өйткен, Астанада өтетін лицензиялық турнирде ең мықты құрамды көреміз.
Грек-рим күресінен 17 команда сынға түсті. Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль еншіледі. Ербол Қоңыратов (60 кг) чемпион атанса, Абдумәлік Сартбаевта (120 кг) күміс, Елдар Қайратов (66 кг), Әсет Әділов (74 кг) және Мақсат Ережеповте (84 кг) қола медальдан. Жалпыкомандалқы есепте біздің жігіттер 4-ші орында (45 ұпай). Үздіктер: Иран (3-1-1) – 54 ұпай, Қытай (1-1-2) – 51 ұпай, Корея (2-0-2) – 47 ұпай.
Әйелдер күресінен 12 қатысты. Қазақстан құрамасында 2 алтын, 3 қола медаль. Жеңістің биік тұғырына Елена Шалыгина (67 кг) және Гүзел Манюрова (72 кг) шықты. Қола жүлде Айжан Смағұлова (55 кг), Айым Әбілдина (59 кг) және Татьяна Захаровада (63 кг). Жалпыкомандалық есепте 3-орындамыз (55 ұпай). Үздіктер: Қытай (3-1-2) – 59 ұпай, Жапония (2-1-3) – 58 ұпай.
Ең төмен нәтиже көрсеткен еркін күрес балуандары болды. Қатысушы 17 ел болды. Қазақстан құрамасында 2 күміс және 1 қола жүлде. Чемпиондыққа Мақсат Дауылбаев (66 кг) пен Абдулхәкім Шапиев (74 кг) аз ғана жетпей қалды. Қолаға қол жеткізген Ержан Дүйсенбеков (120 кг) болды. Жалпыкомандалық есепте 6-орында (38 ұпай). Үздіктер: Иран (5-1-1) – 67 ұпай, Жапония (0-1-3) – 49 ұпай, Қытай (0-1-2) – 46 ұпай.

Жаңа комментарий жазу